Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

«Ғұмырға созылған білім» - Find Your Way сериясының үшінші конференциясы өтеді

96 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың 14 наурызында жоғары сынып оқушыларына арналған Find Your Way сериясының үшінші конференциясы өтеді. Оның тақырыбы «Ғұмырға созылған білім» деп аталады. Оған жас қазақстандықтармен мектеп оқушылары үшін өзекті болатын өмір мен мансаптың әртүрлі салаларында өз білімдерімен бөлісетін 13 сарапшы қатысады. Кездесуді академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры ұйымдастырады.

«Ғұмырға созылған білім» - Find Your Way сериясының үшінші конференциясы өтеді

Кездесуге қалалық мектептердің 9, 10 және 11-сынып оқушылары қатысады. Ұйымдастырушылар жобаның дәрісшілерінен көптеген пайдалы мәліметтерді алатын бірінші курс студенттерін шақырады. Кездесуді ашатын тұлғалар арасында Forbes 30U30 символикалық тізіміне кірген, атқарушы директор және Nommi стартапының ортақ негізін қалаушысы Алена Ткаченко. Уақиғаның осы сегментін АТФ банкі Басқармасының Төрағасы Сергей Коваленко жалғастырады. Ол ХХІ ғасырда әрбір адам үшін өмір бойы білім алу неліктен қалыпты нәрсе екенін айтып береді, сонымен қатар білімдер мен дағдыларды алудың бір сатысының кейінгі сатысымен байланысу құпиясын ашады.

Shakhmardan Yessenov Foundation бағдарламалар үйлестірушісі Сергей Леваднийдің айтуынша, Find Your Way-3 іс-шарасының қатысушылары қазіргі таңда кәсіпті қалай таңдау керектігін және негізінде бүкіл өмірге жалғыз ғана кәсіпті таңдау мүмкіндігінің бар-жоғы, өз қателіктерінен және басқа біреудің қателіктерінен қалай сабақ алуға болатыны және құбылмалы әлемде өзінің өмірі мен мансабын қалыптастыру жайлы білетін болады. Бұрынғы кездесулерден кейін біз қатысушыларға сауалнама жүргізіп, алған сол бір кері байланыс бізге бағдарламаны және шақырылатын жаттықтырушылардың тізімін қалыптастыруға көмектесті.

Қордың сайтында жақын арада Қазақстандық-британдық техникалық университетінде өтетін іс-шараға тіркеу ашылады. Find Your Way іс-шарасына қатысу дәстүрлі түрде тегін ұйымдастырылады.

АЛМАТЫ