Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Студенттер арасында «Қаржы» мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтеді

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нархоз Университеті «Болашақтың қаржысы: қиындықтар мен экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында «Қаржы» мамандығы бойынша студенттер арасында пәндік XII Республикалық олимпиада (РСПО) өткізеді.

Студенттер арасында «Қаржы» мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтеді

Олимпиада студенттердің творчестволық әлеуетін ашу үшін, Олимпиада студенттердің, ұлттық экономиканың және басқарудың түрлі болашақ мамандарының шығармашылық әлеуетін ашу, экономикалық мамандықтардың беделін көтеру, студенттердің шығармашылық бастамасы мен ғылыми белсенділігін ынталандыру мақсатында өткізіледі. Олимпиада жыл сайын 2 кезеңде өткізіледі. Конкурсқа қатысуға ЖОО-ның 1-кезеңінде іріктеуден өткен университеттердің экономикалық мамандықтарының 3-4-курс студенттері (күндізгі бөлім) қатысады.

Қатысушылар құрамы 3 студенттен құралады. РСПО-ға қатысу үшін құжаттар 2020 жылдың 5 наурызына дейін тапсырылуы керек. Олимпиадаға қатысушыларды тасымалдау, жатын орынмен қамтамасыз ету және тамақтандыру шығындарын өтеу команданы жіберетін университет есебінен жүзеге асырылады. Олимпиадаға қатысу тілі – қазақ, орыс, ағылшын.