Қазақстан • 26 Ақпан, 2020

Елбасы түрік саясаттанушысы Кюршад Зорлуны қабылдады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түрік саясаттанушысы, профессор Кюршад Зорлуны қабылдады. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.

Елбасы түрік саясаттанушысы Кюршад Зорлуны қабылдады

– Сіздің кітап жазғаныңызды білемін. Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде кітабыңызға үлкен мақала арналды. Сіз Қазақстан дамуының негізгі аспектілері мен Түркі әлемі бірлігінің маңыздылығына тоқталдыңыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде, Кюршад Зорлу кездесу үшін алғысын білдіріп, тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолында Тұңғыш Президенттің зор үлес қосқанын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуге Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі қатысты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Академияның жасап жатқан жұмыстарымен және алдағы жоспарымен танысып, атқарылған іс-шараларға оң бағасын берді.