Руханият • 27 Ақпан, 2020

Із-түзсіз кеткен жауынгерлерді іздеуге кірісті

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы кәсіптік одақтар федерациясына қарасты «КЕА» (Kazakhstan En’bek Adamy) корпоративтік қоры «Еуразиялық диалог» әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықты қолдау халықаралық қорымен өзара іс-әрекет және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Із-түзсіз кеткен жауынгерлерді іздеуге кірісті

Құжатқа сәйкес тараптар Жеңістің 75 жылдығына арналған қоғамдық бас­та­ма­ларды қолдай отырып, Қазақ­стан мен Ресей халық­та­рына ортақ құн­ды­лық болып саналатын Отан үшін от кешкендердің өшпес ерлігін мәңгі есте сақтап және жас ұрпақ бойына отан­­сүйгіштік рухты сіңіру мақ­са­тын­­да Ре­сей Федерациясының Ива­нов облы­сындағы әске­ри қорымда жер­лен­­ген қазақстандық жауынгерлерді және олардың туған-туыстарын іздеуді бас­та­ды.

Қазіргі кезге дейін «Еура­­зиялық диалог» қоры Ресей Федерациясының Иванов облы­сындағы әскери қоры­м­­нан қазақстандық 108 жа­уын­гердің зиратын тапты. Жер­ленген қазақс­тан­­ды­қ­тар­дың аты-жөні көрсе­тіл­ген алғашқы тізімді ҚРКФ өзінің Facebook әлеу­ме­ттік желісіндегі ресми парақшасында жария­лады. Тізім сонымен қатар өңірлерге мүшелік ұйымдары арқылы таратылады, ресми сайты және федерацияның «QAZAQSTAN KÁSIP­ODAǴY» газетінде жарық көре­тін болады.

Қазақстан Респуб­ли­ка­сының кәсіп­тік одақ­тар фе­дерациясы мен «Еу­ра­­зиялық диалог» әлеу­мет­тік-эконо­ми­ка­лық ын­­ты­­­­мақтастықты қолдау ха­лы­қ­­­ара­лық қоры бұдан бөлек Же­ңістің 75 жылдығына орай сұра­пыл соғыста кеу­десін от­қа тосқан майдангерлердің ерл­ігін ұлықтау мақсатында Қазақ­стан мен Ресей аума­ғын­­да бірқатар шараларды ұйым­дастыруды жоспарлап отыр.