Аймақтар • 27 Ақпан, 2020

Цифрлық қолтаңба «Электронды Үкімет» және Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ғана беріледі

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке және заңды тұлғаларға электрондық салық төлеуші ретінде тіркелу кілтін беру процедурасын тоқтатты, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Цифрлық қолтаңба «Электронды Үкімет» және Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ғана беріледі

Енді қазақстандықтар Ұлттық куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасын «Электронды Үкімет» порталынан немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алады. Ал, бұған дейін берілген ҚМ МКК электрондық салық төлеуші ретінде тіркелу кілті жарамсыз деп танылады, - делінген таратылған хабарламада.

Ұлттық куәландырушы орталық жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, ҚР резиденті емес тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба мен SSL техникалық сертификатын береді. Айта кетейік, электрондық цифрлық қолтаңба барлық мемлекеттік қызметкерлерге табысы мен мүлкі декларациясын тапсыру үшін қажет.

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін 619 295 заңды және жеке тұлғада мемлекеттік кірістер органдарының электрондық салық төлеуші ретінде тіркелу кілті болған.

 

АЛМАТЫ