Вирус жұқтырғандардың көбі Тэгу қаласы мен Кёнсан-Пукто провинциясында тұрады. Сондықтан бұлар эпидемиялық бақылаудағы аудандар деп жарияланып, жергілікті әуе компаниялары Тэгуге қатынайтын рейстерін уақытша тоқтатты.
Коронавирус Еуропада да өршіп тұр. Норвегия, Грузия, Финляндияда коронавирус тіркелді. Италияда 400 адам COVID-2019 вирусын жұқтырған. 12 адам қайтыс болды.
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2744-ке жетті. 78497 адам вирус жұқтырған. 32495 науқас емделіп, ауруханадан шығарылған.