Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, елорда әкімі Алтай Көлгінов, елшіліктер өкілдері, Парламент депутаттары мен бірқатар мемлекеттік органның қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысады.
Қонақтарға Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, мемлекеттік органдар мен қоғам басшыларының қатысуымен өтетін дөңгелек үстел, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА өкілдерінің қолданбалы өнер және ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.
Алғыс айту күні – ел дамуының қазіргі заманғы кезеңінде пайда болған, ортақ тарих негізінде бірлікті, қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту мерекесі.