Теннис • 27 Ақпан, 2020

Теннис: Мария Шарапова үлкен спортпен қош айтысты

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің атақты теннисшісі, көптеген аса ірі додалардың жеңімпазы Мария Шарапова үлкен спортпен қош айтысатынын ресми түрде мәлімдеді.

Теннис: Мария Шарапова үлкен спортпен қош айтысты

32 жастағы Түмен облысының тумасы 2005 жылы әлемнің бірінші ракеткасы атанған еді. Әр жылдары ол Ролан Гарросты екі мәрте ұтса, АҚШ пен Аустралияның ашық біріншіліктері мен Уимблдонда бір реттен топ жарды. WTA турнирлерінде 36 мәрте теңдессіз деп танылды. 2012 жылы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. 2004 жылы WTA қорытыныды жарысында дара шықты. 2008 жылы Ресей құрамасы сапында Федерация кубогын жеңіп алды.

Кортта өнер көрсеткен жылдары Мария Шарапова 40 миллион АҚШ долары шамасына табыс тапты. Одан бөлек, түрлі жарнамаларға түсу арқылы үлде мен бүлдеге оранды.

Соңғы жылдары ресейлік теннисшінің жолы болмады. Қазіргі кезде ол әлемдік рейтингте 373 орында тұр. Содан Шарапова үлкен спортпен қош айтысуды құп көрді.