Аймақтар • 27 Ақпан, 2020

Алматы: «Үміт үйі» қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

858 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Үміт үйі» қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді.

Алматы: «Үміт үйі» қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

Оған  қалалық білім, қоғамдық денсаулық басқармаларының өкілдері, Алматы қаласы әкімінің әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі инспекторы қатысты. Отырыс барысында жалғыз басты аналарға көмек көрсету шаралары қаралды.

«Үміт үйі» мекемесі жұмыс жасаған кезеңнен бері 617 бала тәрбиелеп, шығарды. Бүгінгі күні ұйымда қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 6 топта  40 бала тәрбиеленуде.

Мұнда туған кезінен бастап 7 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен олардың шынығып, мықты болуына, психикалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін  барлық қажетті жағдайлар жасалған.