Аймақтар • 27 Ақпан, 2020

«Ұлы Жеңістің 75 жылдығына – 75 игі іс шара» марафоны басталды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлы Жеңіске 75 жыл толуына орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ «75 күн – 75 игі іс» атты марафон өткізуді жоспарлаған болатын. Жоғары оқу орны осы 75 күн бойы фото-плакат көрмелер, арнайы сайыстар, тәлімгерлік сағаттар, дөңгелек үстелдер, кітап, мақала басып шығару секілді шараларды ұйымдастырмақ.

«Ұлы Жеңістің 75 жылдығына – 75 игі іс шара» марафоны басталды

Шараның мақсаты – Жеңіс мерекесінің мәні мен маңызын, студент жастардың бойына сіңіру. Өскелең ұрпақты Отан сүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелеу, ерлікке тағзым етуге шақыру.

Шараға қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагері Әлімбек Тегісбайұлы мұндай нәубәт заманды келешек ұрпақтың көрмеуін тіледі. Майдандағы қарулас достарын еске алып, соғыс жылдарынан сыр шертті.

Сондай-ақ жиынға Мұхан Омаров, Шерім Медеуов сынды Тыл ардагерлері де қатысып, сол бір жылдардың тауқыметтерін жастарға айтып берді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында қазір көзі тірі 40 Ұлы Отан соғысы ардагері бар.

 

Шымкент