Қазақстан • 27 Ақпан, 2020

Құлдықта болған қазақстандық қыздар елге қайтарылды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бахрейнде сексуалды құлдықта болған қазақстандық қыздар елге қайтарылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте жария етті.

Құлдықта болған қазақстандық қыздар елге қайтарылды

«Естеріңізде болса, бір апта бұрын Бахрейндегі сексуалды құлдықтан Қазақстанның 21 азаматын босатып алғанымызды хабарлаған едік. Бұл жұмыс Бахрейннің құқық қорғау органдары және Сауд Арабиясының елшілігімен бірге жүргізілді. Қазір ол қыздар Қазақстанда. Бәрінің жағдайы жақсы. Бүгінгі күні тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Айбек Смадияров.

Ол сонымен қатар қылмыстық топтың құрамында Қазақстан азаматы болғанын да айтып өтті. «Істің мән-жайын толық айта алмаймын. Ол іске шетел азаматтары ғана емес, Қазақстан азаматтарының да қатысы бар. Олар дәл осы іспен айналысқан ірі ұйымдасқан қылмыстық топ болған. Тергеу аяқталып, қажетті ақпарат дайын болғанда міндетті түрде ол туралы хабарлаймыз», - деді СІМ өкілі.