ІІМ ТЖ комитетінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерінен басқа оқу-жаттығуды өткізу үшін Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтері мен Алматы қаласы әкімі аппаратының құтқару қызметі жұмылдырылды. Оқу-жаттығуды өткізу ойына сәйкес Алматы қаласының авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының өткен жылдардағы су тасқыны тәжірибесіне сүйене отырып, қаланың жиі су басатын учаскелерінде оларды нақты қолдану арқылы дайындығы тексерілді. Тәжірибелік іс-қимылдарды орындау үшін екі жаттығу орны анықталған: № 1 жаттығу орнында – Ф. Оңғарсынова көшесі бойында орналасқан ұзындығы 350м болатын жеке тұрғын үйлерді су басуын болдырмау үшін өзеннің арнасын тереңдету жұмыстары және қар мен мұздан тазалау жұмыстары жүргізілді. Тазарту нәтижесінде 10 м3 қызыл су мұзы шығарылды. № 2 жаттығу орны – «Алғабас» ықшам ауданы, Қожабеков көшесінің көпір қиылысындағы Бес Арыс көшесінің бойында орналасқан, ұзындығы 500 м болатын жеке тұрғын үйлерді су басу және мұздың алдын алу үшін қар мен мұздан тазарту жұмыстары жүргізілді. Тазарту нәтижесінде 15 м3 қызыл су мұзы және 4 м3 қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Оқу-жаттығу аясында сондай-ақ «Қарғалы» өзенінде ұзындығы 0,8 км құрайтын өзен арнасын қардан, мұздан және қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушылардың пікірінше, жыл сайын өткізілетін оқу-жаттығулар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің көктем кезеңіндегі ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындығы мен қабілеттілігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Оқу-жаттығуды өткізу кезінде азаматтық қорғау қызметтері қалыптасқан жағдайды толық меңгеріп, су тасқыны барысында төтенше жағдайдың алдын алу және жоюға қабілетті екенін көрсетті.
АЛМАТЫ