16 Тамыз, 2013

Екі жоба да қатысады

351 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өңірде инновациялық жаңару бағытында ғылыми-техникалық кеңес құрылып, жоғары оқу орын­дарында инновациялық орта­лықтар жұмыс жасауда. Алғаш 2007 жылы сол кездегі университет ректоры Ерлан Арынның баста­масымен Сұлтанмахмұт То­рай­ғыров атындағы университетте ғылыми-техникалық парк ашылды. Паркте дайындалған инновациялық жобалар еліміздің Білім және ғылым министрлігі арқылы қаржылануда.

 

Өңірде инновациялық жаңару бағытында ғылыми-техникалық кеңес құрылып, жоғары оқу орын­дарында инновациялық орта­лықтар жұмыс жасауда. Алғаш 2007 жылы сол кездегі университет ректоры Ерлан Арынның баста­масымен Сұлтанмахмұт То­рай­ғыров атындағы университетте ғылыми-техникалық парк ашылды. Паркте дайындалған инновациялық жобалар еліміздің Білім және ғылым министрлігі арқылы қаржылануда. Мысалы, 20-ға тарта жоба аталған министрлік арқылы арнайы гранттарға ие болды. Сондай-ақ, университетте өңірдің алып кәсіпорындарының сұранысы бойынша да жобалар әзірлейді. Бұл ретте, «Павлодар мұнай-химия зауыты», «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғам­дары, Ақсу ферроқорытпа зауытынан ұсыныстар бар. Қазір парк ғалымдары энергия үнемдеу бағытына баса мән беріп отыр. Осыған байланысты дайындалған 14 жоба еліміздің Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен мақұлданды.

Олар Астанада өтетін ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне қатысу мүмкіндігіне ие. Қуаныш­тысы, бүгінде энергия үнемдеуге қатысты екі жоба халықаралық көрмеде көпшілік назарына ұсы­нылатыны белгілі болды, дейді университетінің ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры Нұрлан Ержанов. Университетте инновациялық жоба­ларға арналған арнайы сайт іске қосылды. Енді ғалымдар өз жобаларын осы сайтқа орналас­тыра алады. Мұндағы үздік жобаларды министрліктер мен кәсіпорындар өз қажетіне жаратады. Бүгінде сайтта 300-ге тарта жоба тіркелген. Студент ғалымдарға да қамқорлық жасалуда, инновациялық орталық ашылған. Ғылым жолын қуған жастар осы жерде бас қосып, өз жобаларын жетілдіре алады. Үш студенттің жобасы республикалық деңгейдегі байқауларға қатысты, оның біреуі Тұңғыш Президент қоры арқылы қаржылай қолдауға ие болған. Инновациялық Еура­зия университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық әріптестік жөніндегі проректоры Евгений Никитиннің айтуынша, облыстың инновация саласындағы жетістіктері жақсы. Жергілікті билік тарапынан жаңашыл жоба­лар­ға айрықша қамқорлық жасалуда.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.