Аймақтар • 27 Ақпан, 2020

Жамбыл облысында 31 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алған

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Жамбыл облысында 31 мыңнан астам көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ольга Катилевская мәлімдеді.

Жамбыл облысында 31 мыңнан астам отбасы жәрдемақы алған

«Аталған мемлекеттік жәрдемақыны енгізу Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі болып табылады. Мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді деп жоспарлануда. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға 53 125 теңге, 6 балаға 63 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 375 теңге төленеді», деді Ольга Катилевская.

Айта кетерлігі, департамент басшысының орынбасары «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға жеке мемлекеттік жәрдемақы төленетінін де жеткізді. Олардың орташа мөлшері 16 160 теңгені құрайды. Жамбыл облысында оны 20 мыңға жуық әйелдер алады. Бұл мемлекеттік жәрдемақының төленуі сақтала береді.

 

Жамбыл облысы