16 Тамыз, 2013

Бүкіләлемдік тау-кен конгресі Астанада өтеді

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Монреальда өткен 23-ші Бүкіләлемдік тау-кен конгресінің (WorldMiningCongress 2013) отырысында 2018 жылы 25-ші Бүкіләлемдік тау-кен конгресін Астанада өткізу туралы Қазақстан Республикасының сұранымы қаралды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Отырыста Қазақстанның Канададағы елшісі Константин Жигалов қазақстандық тараптың өтінішіне қатысты, сондай-ақ еліміздің саяси және экономикалық даму мәселелері туралы, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен осы бағыттағы металлургиялық кешеннің рөлі жөнінде кеңінен хабардар етті.

Нәтижесінде Конгрестің ұйымдастыру комитетінің мүшелері Қазақстанның өтінішін бірауыздан қолдап, дауыс берді. Сонымен қатар, Конгрестің ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысын 2014 жылдың 12-13 мау­сымында «Astana Mining and Metallurgy» аясында Астанада өткізуге шешім қабылданды.