Аймақтар • 27 Ақпан, 2020

«Әл-Фарабиден осы күндерге дейін» республикалық ғылыми семинары өтеді

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰИА және  академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты ұйымдастырушылары биыл 29 ақпанда «Ғылым ордасы» ғимаратында «Механика туралы ғылым: әл-Фарабиден осы күндерге дейін» атты республикалық ғылыми семинар  өткізеді. Ғылыми семинар көрнекті ғалым-механик, ҰҒА академигі Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтың 89 жасқа толу қарсаңында өткізіледі.

«Әл-Фарабиден осы күндерге дейін» республикалық ғылыми семинары  өтеді

Әл-Фарабидың ізбасарларының бірден-бірі, заманауи қазақстандық механика ғылымын жалғастырушы көрнекті  ғалым-механик, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстанда жоғарғы классты машиналар мен механизмдердің теориясының негізін қалаушы – Өмірбек Жолдасбеков. Ө.А.Жолдасбековтың механика саласындағы мұрасы әлемдік деңгейде баламасы жоқ жүк көтергіш және манипуляторлық құрылғылар жобалауда негіз болды.

Академик Ө.А.Жолдасбековтың еңбектерін дамыту негізінде көтергіші бар шағын роботтар, жаңа үлгідегі баспақ-автоматтар, ретнтгенофлуоресцентті энергодиспесионды аспап, т.б. жасалып, республиканың энергетика, машинақұрушы салалар, медицина, робототехника, отын өнеркәсібінде және  басқада салаларда сұраныста.

Аталған іс-шараға жоғарғы оқу мекемелерінің, Ұлттық ғылым академиясының, Ұлттық инженерлер академиясының және профилді ғылыми ұйымдардың директорлары, машина жасаушы салалардың  өкілдері, т.б. қатысады.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Күн мен түн 22 наурызда теңелмейді

Наурызнама • Бүгін, 17:41