Аймақтар • 27 Ақпан, 2020

Алматыда Алғыс айту күніне орай салтанатты іс-шара өтті

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Достық пен бірлікті ту еткен салтанатты шараны «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы» ұйымдастырылды. Мерекелік шараға кітапхана оқырмандары мен өнерпаздар және мекеме ұжымы қатысты.

Алматыда Алғыс айту күніне орай салтанатты іс-шара өтті

«Алғыс айту парызым» тақырыбымен өткен кешке кітапхана директорының орынбасары Махсұт Жұмабеков құттықтау сөз сөйлеп, «Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке қиын-қыстау уақытта қазақ халқының көрсеткен қамқорлығының ұмытылмайтынын білдіреді. Бұл айтулы мереке халқымыздың тату-тәтті, береке-бірлікте өмір сүруі үшін өте маңызды. Қазіргі жастар, тарихымызды біліп, есте сақтауы керек. Өйткені, тарих тағылымы шынайы патриотизм мен бірліктің үлгісін көрсетеді»,- деп атап өтті.

Кеш барысында әдеби-сазды «Незабудка» бірлестігінің мүшелері өздерінің жүрекжарды алғыстарын өлең шумақтарымен жеткізіп, «Өнер өрімдері» бірлестігінің мүшесі Айша Садырбаева ән шырқады.

 

 АЛМАТЫ