16 Тамыз, 2013

Елші Қытай министрімен кездесті

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшісі Нұрлан Ермекбаев ҚХР-дың Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

 

 

Жуырда Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшісі Нұрлан Ермекбаев ҚХР-дың Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қытайдың сыртқы саяси ведомство басшысының Қазақстанға ресми сапарына қатысты мәселелерді және 2013 жылғы 6-8 қыркүйекке жоспарланған Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің алғашқы мемлекеттік сапарын әзірлеу мәселелерін талқылады.

Ван И екі ел басшыларының кездесуі соңғы жарты жылда екінші рет болатынына ерекше көңіл аударып, мұның Қазақстан-Қытай қатынастарының жоғары деңгейін дәлелдейтінін атап өтті. Ол ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары барысында екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі дамуының негіздері қаланатынына сенім білдірді.