Тағайындау • 27 Ақпан, 2020

Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Талғат Уәли  ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі болып тағайындалды. Талғат Уәли 1988 жылы ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген.

2009 жылы «Қайнар» Семей университетін экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2010 жылы Семей қалалық ТВК-6 телеарнасында журналист қызметінен бастаған. 2011 «Қазақстан» РТРК Семей филиалында редактор-жүргізуші, 2012 жылы «ЭРА» ЖШС «Жетінші арна» телекомпаниясының жаңалықтар қызметінде журналист болып жалғастырды. 2015 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ жаңалықтар қызметінде журналист болып жұмыс істеген. 2016 жылдан бастап «Atameken Business» мультимедиялық телеарнасының жаңалықтар қызметінде арнайы тілші, тележүргізуші және президенттік пул журналисі болып қызмет атқарды.