Ауа райы • 27 Наурыз, 2026

Алдағы күндері қай өңірлерде күн күрт жылынады?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн жылынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері қай өңірлерде күн күрт жылынады?

Фото: Ашық дереккөз

Болжам бойынша, еліміздің оңтүстігінде термометр бағаны +30°С-қа дейін көтеріледі. Алайда батыс өңірлерде және оңтүстіктің таулы аймақтарында кей күндері найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Өңірлердегі күндізгі температура:

  • Оңтүстікте – +23…+30°С;
  • Батыста – +18…+27°С;
  • Орталықта – +15…+25°С;
  • Шығыста – +12…+20°С;
  • Солтүстікте  – +10…+17°С.

Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжанған.

Еске сала кетейік, бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Ширек ғасыр шекара шебінде

Мереке • Бүгін, 21:00