16 Тамыз, 2013

Ақпараттар ағыны

221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жылдың алғашқы 6 ай­ында елімізде 306 млрд. тең­геге тұрғын үйге жат­пай­тын нысандар салынды. Осы уақытта Ақтөбе облысында мұндай нысандардың құры­лысы 36 млрд. теңгені, Маң­ғыс­тау об­лысында 27 млрд. теңгені құрады.

 

Жылдың алғашқы 6 ай­ында елімізде 306 млрд. тең­геге тұрғын үйге жат­пай­тын нысандар салынды. Осы уақытта Ақтөбе облысында мұндай нысандардың құры­лысы 36 млрд. теңгені, Маң­ғыс­тау об­лысында 27 млрд. теңгені құрады.

Биылғы жылдың шіл­десінде Алматыда бос жұмыс орындар саны 4,5 мың адамға жетті. Сонымен бірге, оңтүстік мегаполистің кәсіпорындары мен ұйымдарына 15,6 мың адам жұмысқа орналасты.

Жыл басынан бері Ақмо­ла об­лысы Есіл ауданының ша­руа­шылықтарына 350­ асыл тұқымды мал әке­лін­ді. Бүгінгі таңда ауданда 7 өнеркәсіп кәсіпорны, 4 диірмен, 2 ет және сүт өңдейтін цех, темірбетон бұйымдарын жасайтын цех жұмыс істейді.

Тамызда «Астана-Аты­рау» бағытына жүрдек пойызы қатынайтын бола­ды. Алдағы 22 тамыз күні жолға шығатын пойыз «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құрал­ған. Жаңа пойыз төрт күнде бір қатынайды.

Шығыс Қазақстан об­лысының Глубокое ауданында медициналық-әлеуметтік орталық жаңарды. Кеше аудан орталығы – Зимовье селосында жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев миллиард теңгеге жуық қаржыға жаңарған 150 төсектік емдеу орнының жұмысына жоғары баға берді.

Шымкентте Шәмші Қал­даяқов әндеріне арналған «Арыс жағасында» төртінші ретрофестивалі аяқталды. Екі күндік шара шеңберінде облыс әншілерінің «Менің Қазақстаным» атты конкурсы да өткізілді. Кеше кешке қанат жайған гала-концертте осы байқаулардың жүлдегерлері өнер көрсетті.

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына «Сала­мат­ты Қазақстан-2030» ден­саулық пойызы сапар шекті. Құрамын­да алуан түрлі дәрігерлер мен жабдықтары бар бригада бірнеше күн бойы скринингілік тексерулер жүргізеді.

Жамбыл облысының бюджеттік мекемелері қысқы маусымға 74,8 пайызға дайын. Бұл туралы дайындық штабының кезекті отырысында облыстың бас энергетигі Жеңіс Тұяқов мәлімдеді. «Алдағы екі айда қалған жұмыстарды толық сапалы аяқтап шығуға мүмкіндік бар», деді ол.

 

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Судан да сақтану керек

Қоғам • Бүгін, 22:35

Керек дерек

Digital • Бүгін, 09:50

Отандық жаңа зауыт іске қосылды

Экономика • Бүгін, 09:50

«Мен – Отан қорғаушымын!»

Байқау • Бүгін, 09:40