16 Тамыз, 2013

Министрлік айтып, ескертеді

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Египеттегі қанды қақтығыстарға орай Қазақстан алаң­дау­шылық білдіріп отыр. Қазақстан үшін Египет араб әлеміндегі және Африка құрлығындағы маңызды сырт­қы саяси әріптес болып табылады. Сондай-ақ, елде­рі­мізді тарихи және рухани тамырлар біріктіреді, деді Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Нұр­жан Айтмаханов журналистермен өткізген брифингте.

Қазақстан Египеттің уақытша үкіметін азаматтық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін және ең жақын мерзімде демократиялық сайлау өткізу үшін шара қолдануға шақырады. Египет Араб Республикасындағы ішкі саяси ахуалдың нашарлауына және ірі қалаларда орын алған қақтығыстарға орай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтарға Каирге, Александрияға, Суэцке, Луксорға сапар жасаудан қалыс қалуды ұсынады.

Қазақстан Республикасының Египеттегі елшілігі аталған елде тұрып жатқан қазақстандық азаматтармен, оның ішінде студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, елдің уақытша үкіметі орнатқан осы жылдың 15 тамызы мен 14 қыркүйегі аралығындағы коменданттық сағатты қатаң түрде ұстанудың қажеттілігін ескертеді. ЕАР-дағы азаматтардың адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауын қатаң түрде сұрайды.

ҚР Египеттегі елшілігінде, қажет болған жағдайда, дер кезінде көмек көрсету үшін дипломаттардың демалыс күндері кезекшілігі орнатылғанын хабарлаймыз. Кезекші телефондары – +20226132991, +20226132992, Консулдың телефоны – +201153266437.

«Егемен-ақпарат».