16 Тамыз, 2013

Таудағы көшкін

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында үздіксіз жауған жауынның соңы таудан жер жыныстарын сырғытып аңғар жиектерін басып қалуға апарып соқтырды. Осы көшкін кезінде аудандағы Листвяга жотасының жондарынан үш мың текше метрге жуық топырақ еңіске ендей жайылды.

Облыстағы бұл төтенше жағдай жергілікті маңызы бар Берел мұражайы бағытындағы Шұ­­­барағаш ауылы тас жолының 77-ші шақыры­­мында орын алды. Жер қыртысы көшкінінің бір бөлігі тек трассаны ғана емес, Сохатушка өзенінің аңғарын да басып қалды. Алайда, ағысы қатты тау суы біраздан кейін бұл үйіндіні өзімен бірге еңіске ағызып алып кетті.

Оқиға болған жерге шұғыл құрылған аудандық комиссия мү­шелері мен авариялық жұ­­­­мыс­тарды атқаратын бригада же­­дел­детіп жетті. Комиссияның баян­­­­­­­дауынша зардап шеккендер жоқ.

Мұрат АЙТҚОЖА.