16 Тамыз, 2013

Қарағандыда қызғылт түсті қар жауды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

роз снег13 тамыз күні кешкі сағат 22.00-де Қарағандыда ерекше оқиға орын алды. Мұнда түсі қызғылт қар ұшқындап жауды. Бұл туралы «31 арна» хабарлады.

13 тамыз күні кешкі сағат 22.00-де Қарағандыда ерекше оқиға орын алды. Мұнда түсі қызғылт қар ұшқындап жауды. Бұл туралы «31 арна» хабарлады.

Бір қызығы, метеорологтар сол күні аймақта қар жауатыны туралы ешқандай болжам айтпаған екен. Олардың уәде бергені жаңбыр болыпты.

Экологтар тамыз айында да қардың жауып қалу ықтималдығын жоққа шығарып отырған жоқ. «Бұл – әдетте бірде-бір метеоролог алдын ала болжап айтып бере алмайтын құйын, тайфун, найзағай сияқты табиғаттың кездейсоқ болатын тылсым құбылысы. Шөлді алқаптан мыңдаған шақырым қашықта жатқан жерлерге желмен көтеріліп барған құмның аспаннан жауған деректері тарихтан белгілі. Немесе гүлдің тозаңдануы 10-15 мың шақырым жерге дейін созыла береді. Бұған таңданатын ештеңе жоқ. Сонда да болса, жұрт шалшық су неге ақ немесе жасыл болады деп таң қала береді», – дейді Қарағандыдағы «ЭкоМузей» директоры Дмитрий Калмыков.

Мұрат АЙТҚОЖА.