16 Тамыз, 2013

Сәулет өнерінің сұңғылалары сарапталады

514 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 14-16 тамыз аралығында Астанадағы «Көрме» орталығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме кешенінің сәулет жобалары ел назарына ұсынылды.

1-2

Астана ЭКСПО-2017 көрме кешенінің ең үздік эскиз-идеясы, соның ішінде ЭКСПО-2017 нысанының символы анықталатын халықаралық сәулет байқауы 2013 жылдың 18 ақпанында бас­талып, шілде айының 18-інде жұмыстарды қабылдау аяқталды. Дүние жүзінің әлемге аты әйгілі 50 атақты архитекторы осы көр­ме­ге өз жобаларын ұсынды. Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев осы ха­лықаралық байқауға келіп түскен жо­балармен арнайы танысып шыққан болатын.

 

1-1Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 14-16 тамыз аралығында Астанадағы «Көрме» орталығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме кешенінің сәулет жобалары ел назарына ұсынылды.

Астана ЭКСПО-2017 көрме кешенінің ең үздік эскиз-идеясы, соның ішінде ЭКСПО-2017 нысанының символы анықталатын халықаралық сәулет байқауы 2013 жылдың 18 ақпанында бас­талып, шілде айының 18-інде жұмыстарды қабылдау аяқталды. Дүние жүзінің әлемге аты әйгілі 50 атақты архитекторы осы көр­ме­ге өз жобаларын ұсынды. Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев осы ха­лықаралық байқауға келіп түскен жо­балармен арнайы танысып шыққан болатын. Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу Қазақстан үшін аса маңызды тарихи оқиға екендігін айта келіп, байқауға келіп түскен жобаларды таңдау қорытындысының ма­ңыздылығына да ерекше тоқталды.

«Көрме» кешенінде өткен баспасөз мәслихатында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пирметов «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің эскиз-идеясы және оның символы айқындалатын бұл халықаралық байқауға қатысушы архитекторлардың алдына аса маңызды міндет қойылғандығын атап көрсетті. Әлемнің әрбір атақты қалаларының өзіндік архитектуралық символы болады. Мәселен, Парижде Эйфель мұнарасы, Сент-Луисте атақты Арка болса, Сиднейді ғаламат Опера театры арқылы елестетеміз. Сонымен бірге, дәстүрлі тарихи шежіресі бар ЭКСПО бүкіләлемдік көрмелерінің де әйгілі символдары бар. Мәселен, Брюссельде – Атомиум, Венада – Ротонда. Ал Шығыс пен Батыстың жауһарлары тоғысқан Астананың символы қандай? Бәйтерек, Пирамида, Хан Шатыр ма, әлде Опера және балет театры ма? Әрине, бұл сәулет өнерінің озық туындылары біздің Астанамыздың айшықты айбары екендігі хақ. «Сонымен бірге, «Астана ЭКСПО-2017» Бүкіләлемдік көрмесін өткізуіне орай, біз қаламызда жаңа, тамаша символдың өмірге келуін қалаймыз. Міне, осы нысан төрткүл дүниеге ЭКСПО-2017-ні, Астананы, Қазақстанды, «Болашақтың энергиясын» паш етсе дейміз», деді журналистермен болған кездесуде басқарма төрағасының орынбасары.

Екі апта мерзім ішінде құрамына дүние жүзінің белгілі архитекторлары және энергия үнемдеу саласының озық мамандары кіретін арнайы құрылған техникалық кеңес байқауға келіп түскен жобалардың ішінен ең үздік те маңыздыларын іріктеп алды. Бұл техникалық кеңеске атақты экономист, АҚШ-тың Экономикалық үрдістерді зерттеу қорының президенті Джереми Рифкин жетекшілік етуде. Осы техникалық кеңестің мүшесі Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі Сағындық Жанболатовтың айтуынша, халықаралық байқауға келіп түскен жобалардың сапасы өте жоғары. Алайда, шетелдік архитекторлар тарапынан да, қазақстандық архитекторлар тарапынан да негізгі мақсатқа жауап бермейтін әлсіз жобалардың болғандығын да жасыра алмаймыз. Екі аптаға созылған күрделі жұмыс үдерісі барысында елордамызда өтетін ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік көрмесінің негізгі тақырыбына жауап беретін жобалар іріктелді. Алдағы уақытта халықаралық техникалық кеңес жан-жақты сараптамалар жүргізе отырып, қыркүйек айына дейін энергия үнемдеудің ерекше үлгілерін көрсететін жобаларды іріктеп алатын болады. Жобалар әлі де талай-талай сын мен сынақтан өтеді. Бұл ретте қойылатын қазақстандық бас­ты талап: нысанның сыртқы бейнесінің сұлулығы ғана емес, электр қуатының сақталуы, үнемділігі, баламалылығы сияқты инженерлік-техникалық артықшылығына мән беру болып табылады. Осы ретте айта кететін мәселе, техникалық кеңестің құрамында Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшілері Аманжол Чеканаев, Әлиасқар Кенжетаев, Сағындық Жанболатов, Астана қаласының бас сәулетшісі Виталий Силецкий, «Астана ЭКС