Қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша үш жоба жүзеге асады. Тарата айтар болсақ, олардың қатарында Гагарин даңғылы бойындағы Шевченко және Жамбыл көшелері арасындағы Жамбыл атындағы гүлзар, Жамбыл-Розыбакиев және Жамбыл-Қожамқұлов көшелері қиылыстарындағы бос аумақтар, сонымен қатар аула іштеріндегі 5 балалар және спорт алаңдары бар.
«Бюджетке қатысу» пилотты жобасы аясында азаматтар жобаларды таңдауға және оны жүзеге асыруға қатысады. Open Almaty порталы арқылы жоба тұрғындар тарапынан талқыланып, ұсыныстары айтылады.
Ауданды абаттандыру бойынша сөз қозғаған аудан әкімнің айтуынша, өткен жылы 2 жаңа алаң салынып, 23-і жөндеуден өткен. Сондай-ақ, жаяу жүргіншіге арналған Жібек Жолы, Байсейітова және Дүйсенов көшелері жаңартылды. Тастақ ықшамауданының орталығы кеңейіп, Прокофьев көшесінің Төле би көшесінен Брюллов көшесіне дейінгі бөлігі ретке келтірілді.
АЛМАТЫ