Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

VII Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтті

507 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның бастамасымен Бүкіл әлемдік радио күніне және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған VII Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтті, делінген университеттің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының хабарламасында.

VII Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтті

«Радио - барлығына арналған платформа: идеялар генерациясынан – инновацияға» деп аталды. Қысқы мектептің дәстүрлі орны - Алматы маңындағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағында орналасқан «Тау-Тұран» кешені. Халықаралық форумға журналистер, БАҚ қызметкерлері, ғалымдар, оқытушылар, жас зерттеушілер, студенттер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Орталық Азия республикаларының, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, сонымен қатар шет елдер - Түркия, Ауғанстан және т.б. оқу орындарының басшылары қатысты. Дәріскерлер мен спикерлер құрамында ұлттық және халықаралық БАҚ-тың, онлайн-медианың веб-редакторлары және контент-редакторлар болды.

Қысқы мектептің ашылуында, оның жалпы отырысында ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы Алматы кластерлік бюросының өкілі, байланыс және ақпарат саласының маманы Сергей Карпов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубек, Қажы Байрам университетінің журналистика факультетінің деканы Түркиядан келген Закир Авшар, TOLOnews ТВ-нің саяси шолушысы, Ауғанстаннан келген Абу Муслим Ширзад, Қазақстаннан келген ғалымдар қатарында доцент Гүлнар Асанбаева, УМЭД профессоры Өзбекстаннан Фатима Муминова, Дж.Баласағұн атындағы ҚҰУ доценті Қырғызстаннан Аита Султаналиева, Назарбаев университетінен сарапшы Петр Лапо және т.б.

Үш күндік форум журналистер, радио жүргізушілері, интернет-сұхбат берушілер, медиа-коммуникаторлар, подкастқа қатысушылар және басқа да медиа мамандардың қызықты, интерактивті сөздеріне толы болды. Диалог алаңы интернет қызметтеріне және шет елдердің тәжірибелі радиожурналистерімен байланысқа ұласты.

 

 

АЛМАТЫ