Елорда • 28 Ақпан, 2020

Нұр-Сұлтанда «Ардагерлерге мың алғыс» акциясы басталды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Алғыс айту күні мен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ардагерлерге мың алғыс» акциясы басталды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанда «Ардагерлерге мың алғыс» акциясы басталды

Елордалық волонтерлер штабының мүшелері ардагерлер мен зейнеткерлердің хал-жағдайын біліп, азық-түлік себеттерін тапсырды. Бірінші кезекте жастар Ұлы Отан соғысы ардагері Рауза Ширванованың шаңырағына барды.

Семей қаласының тумасы Рауза Ахметқызы 1942 жылдың мамырында Кеңес әскерінің қатарына шақырылды. Содан бастап 1944 жылдың қыркүйегіне дейін №136 жеке байланыс ротасында радист, телеграфист болып қызмет етті. Одан кейін Чита қаласындағы Байкал жағалауындағы әскери округының штабына қарасты №245 авиация дивизиясына ауыстырылды. Сол жерден 1945 жылдың 2 желтоқсанында сержант шенінде әскери қызметтен босатылды. Майдангер ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, Жапонияны жеңгені үшін және ерен еңбегі үшін медальдарымен марапатталған.

1

Сондай-ақ И.Сталиннің алғыс хатын, Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен қалалық Ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасын алған. «Саулық» бағытындағы волонтерлер әжейдің қан қысымын өлшеп, денсаулығын тексерді.

«Ардагерлерге мың алғыс» акциясы шеңберінде Ұлы Отан соғысы майдангерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетеміз. Үйлерін жинап, аулаларын тазалаймыз. Азық-түлік себеттерін тапсырамыз. Әр ардагерге бір-бір волонтерден бекітеміз. Акция бүгіннен бастап күн сайын жүретін болады. Бұл шараға демеушілерді тарттық», – деді елорданың Волонтерлер штабының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин.