Руханият • 28 Ақпан, 2020

Бурабайда Абылай хан монументі бой көтереді

600 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бурабай курорттық аймағындағы Кенесары ауылында Абылай ханның монументі салынады деп жоспарлануда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлады

Бурабайда Абылай хан монументі бой көтереді

«Кешен «Абылай Хан» монументі деп аталады, биіктігі 54 метр болады. Абылай ханның тақта отырған келбеті суреттеледі. Ханның асатаяғына жедел саты орнатылады, келушілер сол арқылы 20 қабаттық биіктікке көтеріліп айналаны тамашалай алады», - деді қоғам қайраткері Арман Шораев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Сондай-ақ кешенде қазақ халқының хандық дәуірін суреттейтін мұражай, кітапхана, демалушыларға қажетті әлеуметтік нысандар болады деп күтілуде. Кешенді мемлекеттік бюджеттің қаржысына емес, қарапайым халықтың қолдауымен салу көзделіп отыр. 

Сонымен қатар жобаны іске асыратын сәулетші, дизайнер, суретші, инженер, құрылысшы мамандар арасында халықаралық ашық конкурс жариялады. Яғни, Абылай хан кешенінің сызбалық нұсқасын жасауға әлемнің кез келген елінен үміткерлер қатыса алады. 


Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35