Қысқы спорт • 28 Ақпан, 2020

Жанбота Алдабергенова Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жанбота Алдабергенова Алматыда шаңғы акробатикасынан өткен Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Olimpic.kz хабарлады.

Жанбота Алдабергенова Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды

Қазақстанда алғаш рет өткен бәсекеге 7 мемлекеттің 40 (АҚШ, Беларусь, Швейцария, Канада, Украина, Австралия мен Қазақстан) 40 фристайлшысы қатысты.

Әйелдер арасында украиналық Надежда Мохнацкая (73,66 балл) топ жарса, америкалық Меган Ник (73,08) екінші, Жанбота Алдабергенова (71,20) үшінші орынға жайғасты.

Ал ерлер сынында АҚШ өкілі Кристофер Лиллис (121,27) үздік шықса, швейцариялық Пирмин Вернер (117,65) күміс, белорус Павел Дик (111,37) қола жүлдеге қол созды.

Жанботадан бөлек, бұл бәсекеде Аяна Жолдас, Маржан Ақжігіт, Ақмаржан Қалмурзаева, Ильяс Батрутдинов, Нұрлан Батырбаев, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті.

Айта кетейік, 2019-2020 жылғы Әлем кубогының соңғы кезеңі 8 наурызда Ресейдің Красноярск қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35