«Бізге жеткен мәліметтер бойынша, ер адам қатты ауырып жатқан жоқ. Науқастан шағым түспеді», - деді Абдрахманов.
Ол енді толық сауығып шыққанша Жапония ауруханасында болады. Бүгінде науқас жапон ауруханаларының біріне жатқызылды.
Айта кетейік, 27 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кемеден шыққан төрт отандасымыздың сынамалары оң нәтиже бермегенін мәлімдеді.