Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Орталық музейде «Қызғалдақтар гүлдегенде» Art-көрме-жәрмеңкесі ашылды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көктемгі мерекелер және және 8 наурыз қарсаңында Орталық музейінің «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлескен «Қызғалдақтар гүлдегенде» Art-көрме-жәрмеңкесі ашылды.

Орталық музейде «Қызғалдақтар гүлдегенде» Art-көрме-жәрмеңкесі ашылды

Көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей, Моңғолия мен Грузияның барлық өңірлерінен 100-ден астам қолөнер шеберлері қатысуда. Бұл мереке күндері қолөнершілер әйелдер қауымына тарту жасайды.  Өзбекстан мен Түркіменстанның жетекші дизайнерлерінің киімі, зергерлік бұйымдар, киіз және жібектен жасалған заттар, шығыс миниатюрасы және т. б. бұйымдар келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлайды.

Музейдегі Орта-Азиялық халық қолөнерінің көрме-жәрмеңкесі Қазақстанмен қатар, шетелдік өнер және қолөнер бұйымдарын бағалаушылардың қызығушылығын тудырады, дейді ұйымдастырушылар.

«Қызғалдақтар гүлдегенде» Art-көрме-жәрмеңкесінде Елбасының «Ұлы Даланың Жеті қыры» мақаласы аясында «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» тақырыпта көркемсурет мектеп оқушылары және колледж студентерінің байқау жұмыстарының көрмесі, сондай-ақ көркем сурет бойынша шеберлік-сабақтар жоспарланған.

Art-көрме-жәрмеңкесі 28-29 ақпан,1 наурыз күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жалғасады.

 

АЛМАТЫ