Форум бағдарламасына жалпы сессиялар мен конференциялар, дөңгелек үстелдер, тренингтер және басқа да 80-нен астам шара енген болатын. Форум барысында еңбек өнімділігін арттыру, қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастарды кәсіптік бейімдеу және ынталандыру, мүгедектігі бар адамдарды еңбек нарығына кіріктіру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Достастық елдеріндегі көші-қон процестерін құқықтық реттеу ерекшеліктері және ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге арналғанАссамблея әзірлейтін үлгі Көші-қон кодексінің жобасы да бар.
Шараға парламентшілер, мемлекеттік мекемелермен жергілікті билік өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, кәсіпорын басшылары мен бизнесшілер қатысты.