
Мысырда «Мұсылман бауырлар» қозғалысының белсенділері Каирдегі Рамзес алаңына жиналып, дәстүрлі жұма күнгі «күшті көрсету» рәсімін жасауға шақырды. Бұл туралы Ресейдің НТВ телеарнасы хабарлады
«Осыған қарағанда, мысырлық ереуілшілер елдегі қанды бұлғақты тоқтатуға асыға қоймайтын сияқты. Бұл жолы елдің бұрынғы президенті Мухаммед мурсиді түрмеден босатуды талап етуші «Мұсылман бауырлар» қозғалысының мүшелері жұртты жаңа ұрыс қимылдарына шақырып отырғаны белгілі болып қалды», - делінген онда.
Белсенділер Каирдың Рамзес алаңына жиналып, өз күштерінің қаншалықты әлеуетті екенін көретпекші. Сөйтіп, бұл күнді «ашу танытқан жұма» ретінде есте қалдыруға күш салуда.
Еске сала кетейік, Мысырдағы жаппай тәртіпсіздіктер мен қақтығыстар 14 тамызда әскерилердің Мурсиді қолдаушы исламистердің – «Мұсылман бауырлар» қозғалысы қарсылық көрсетуші лагерін қуып таратқанынан кейін басталды. Сол күні, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 525 адам қаза тауып, 4 мыңға жуық адам жарақат алды.
Сұлтан Бозайғыр.