Руханият • 29 Ақпан, 2020

«Әйелдер қауымын бүкіл әлем құттықтайды» мерекелік іс-шарасы өтеді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік орталық музейі 6 наурыз күні сағат 10.00 «Бәйтерек» Халықаралық мектеп-лицейімен бірлесіп, 8наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Әйелдер қауымын бүкіл әлем құттықтайды» іс-шарасын өткізеді.

«Әйелдер қауымын бүкіл әлем құттықтайды» мерекелік іс-шарасы өтеді

Оқушылардың шығармашылығын дамыту, өзара қарым-қатынас орнату, еліміздің тарихы және мәдениетімен таныстыру, сондай-ақ әрбір үйдіңшамшырағы анаға, жалпы әйелге деген құрметті қалыптастыруды мақсат ететін іс-шара аясында «Көктем кереметі» мектеп қатысушыларының шығармашылық жұмыстар көрмесі, «Әйелдер қауымын бүкіл әлем құттықтайды» атты құттықтау концерті, «Данко» қойылымының көрінісі, музей бойынша тақырыптық экскурсиялар өтеді.

«Бәйтерек» мектеп-лицейі мемлекеттік стандарт пен Оксфорд білім беру бағдарламасының (пәндерді ағылшын тілінде оқытылады) талаптарына сәйкес әзірленген оқу бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін жаңа үлгідегі білім беру мекемесі білімді дамытуға ғана емес, сонымен қатар оқушылардың ойлау жүйесін, ой-өрісін кеңейту мақсатында түрлі іс-шараларға(байқау, кескіндеме көрмелеріне) қатыстыруды мақсат етеді. Аталған мектептің мүмкіндігі Анталья (Түркия), Санкт-Петербург (Ресей), Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Америка университетінің олимпиадаларына қатысуға мүмкіндік береді. 2018 жылдан ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектептері клубының толыққанды мүшесі.

Көрме ағымдағы жылдың 9 наурызына дейін жалғасады.

 

Соңғы жаңалықтар