Спорт • 01 Наурыз, 2020

Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы плей-офф сынынан «ұшып» кеткелі тұр

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің жоғары хоккей лигасында (ВХЛ) өнер көрсетіп жүрген Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы плей-офф сынында Санкт-Петербургтің «СКА-Нева» командасымен төртінші ойынды өткізді.

Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы плей-офф сынынан «ұшып» кеткелі тұр

Кездесудің бірінші кезеңінде гол соғылмады. Есесіне, екінші кезеңде қарағандылықтардың қақпасына үш бірдей шайба енді. Ойынның соңғы бөлігінде «Сарыарқа» бір шайба соққанымен, қонақтардың шабуылшысы Даниил Огирчук қатарыан екі гол салып, есепті 5:1-ге жеткізді.

Енді жерлестеріміз «СКА-Нева» клубымен болатын шешуші – бесінші ойынды 2 наурыз күні Санкт-Петербургте өткізеді.

Әзірге сериядағы жалпы есеп – 1:3, қонақтардың пайдасында.