Аймақтар • 01 Наурыз, 2020

Мың алғыс саған, Қазақ Елі!

843 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе аймағында аталған тақырыпта Алғыс айту күніне аналған мәдени-көпшілік іс-шаралар шоғыры өте кең болды. Оның аясында Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды құру ісі мен ортақ рухани құндылыққа айнала білген татулық пен бірлікті сақтаудағы ерен еңбегі атап өтілді.

Мың алғыс саған, Қазақ Елі!

Сонымен бірге жылылық ала келген көктемнің алғашқы күнінде тағдырдың жазуымен қазақ жеріне еріксіз қоныс аударылған түрлі этнос өкілдері – қазақ халқына деген шексіз құрмет пен тағзымын терең толғаныс үстінде жеткізді.

Алғыс айту күні берекелі бірлік пен тату-тәтті тірлікке бастай алатын сауабы мол адам көңіл-күі толқыны. Соңғ жылы 1 наурыз ортақ тағдыр тоғыстырған республика азаматтары мен тұрғындарының бір-біріне шынайы алғыс сезімдері мен ризашылығын білдіретін датаға айналып келеді. Осы арқылы тұтастай елімізде тыныштық пен түсіністік салтанат құра алады. Біз бүгін осындай мерейлі сәт үстінде тұрмыз. Бұл ретте өзара құрмет пен сыйластық ахуалы бізді жаңа биіктер мен белестерге бастай беретініне сенімі мол деді, -деді өңір тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтап сөз сөйлеген Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Сондай-ақ өткен жексенбіде түрлі этностардың қазақ жеріне қоныстануы туралы нақты тарихи деректер мен мәліметтер арқау етілген «Мың алғыс саған, Қазақ елі!» атты бейнефильмдер топтамасы танымдық тұрғыдан мол әсер қалдырды. Бұл күн «сыңғырлап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай» деп дана Абай айтқандай түр мен мазмұн тел төгілген шын мәніндегі мерекелік көңіл-күй ауанын туғызды. Ақтөбеде 1 наурыз алғыс айту күніне арналған мәдени көпшілік іс-шаралар шоғыры Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этно-мәдени бірлестіктердің мерекелік бағдарламасымен түйінделді.