16 Тамыз, 2013

Қызылорда: Ауыр қылмыс жасап қашып жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Задержанный-2

Ауыр қылмыс жасаған жасаған Өзбекстан азаматы Қызылордада ұсталды. Бұл туралы облыс прокурорының аға көмекшісі Ғабит Алмағамбетов хабарлады.

«Үстіміздегі жылдың 6 айында ауыр санаттағы қылмыс жасап, мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстанның 3 азаматына әдеттен тыс қамау шарасы қолданылды. Оның ішінде 1-і бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының келісімі бойынша Өзбекстан Республикасының құзырлы органдарына берілді», - делінген онда.

Облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері профилактикалық жедел іс-шараларын жүргізу кезінде Қызылорда қаласыдағы «Ақмешіт» шағын ауданында Өзбекстан Республикасының 1982 жылы туған азаматы Фахраддин Саидовтың қандай да бір азаматтығын анықтайтын құжаты жоқ екені анықталып, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен қабылдау-тарату орнына 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Ал жеке басын анықтау нәтижесінде оның Өзбекстан Республикасы Хиуа аудандық сотының 2013 жылғы 1 сәуірдегі ұйғарымымен ауыр қылмысын жасағаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Қызылорда қалалық сотының қаулысымен сосын Саидов Фахраддин Атязович 40 тәулікке әдеттен тыс қамауға алынды. Содан кейін қалалық соттқаулысымен оның мерзімі 2 айға дейін ұзартылды. Нәтижесінде Бас Прокурорының бірінші орынбасары И. Меркельдің Ф.Саидовты Өзбекстан Республикасының құзырлы органдарына беру туралы қаулысына сәйкес, ол Өзбекстан Республикасының құзырлы органдарына тапсырылды.

Құрыш Нұрымбет.

Соңғы жаңалықтар