16 Тамыз, 2013

Каирде тағы атыс басталды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Египет-столкновения-1

Мысыр астанасы – Каир қаласының орталық бөлігінде тағы атыс басталды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, тақтан тайдырылған президент Мухаммед Мурсидің мыңдаған жақтастары Каирдың орталығына қарай ағылып келеді. Ал еқаланың басты магистральдарында танкілер тұр.

Осы тұста Египеттің көптеген қалаларында тақтан тайдырылған президенттің жақтастары жаппай акциялар өткізіп жатыр. Елдің солтүстік бөлігінде мұндай қозғалыстардың соңы қақтығыстарға да апарып соқтырып жатыр.

«Каирде демонстранттармен қақтығыстар барысында кем дегенде 15 полицей жер жастанды», деп мәлімдейді «Аль-Арабия» телевидениесі. Ал портты Думьят қаласында кемінде 8 қарсылық көрсетуші осылардың кебін құшқан.

Сұлтан Бозайғыр.

Соңғы жаңалықтар