Қоғам • 02 Наурыз, 2020

Әлеуметтік маңызы бар объектілердің 96%-дан астамы мүгедектер үшін бейімделген

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының 34,3 мың объектісінің 96,6%-ы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құру мақсатында бейімделді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік маңызы бар объектілердің 96%-дан астамы мүгедектер үшін бейімделген

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 34 301 объектінің (мектептер, ауруханалар, кітапханалар, мәдениет үйлері, теміржол және автовокзалдар, әуежайлар және т.б.) жалпы санынан жергілікті атқарушы органдар 33 642 объектіге паспорттау жүргізді.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта жағдайларының сақталуын, яғни пандустарды, дыбыстық / визуалды / акустикалық / сезгіш құрылғыларды, ақпараттық белгілерді орнатуды, тұрақ үшін орындар бөлуді және т. б. қамтамасыз ету үшін паспорттау жүргізілді, мұндағы мақсат әрбір қазақстандық өзінің денсаулығына қарамастан, осы объектілерге кіре алуы керек.

Паспортталған объектілердің жалпы санынан 24 452 объект бейімделуге жатады, оның ішінде 23 314 объект бейімделді. Осылайша, паспортталған объектілердің жалпы санының 96,6% бейімделуі қамтамасыз етілді.

Объектілерді 100% бейімдеу Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында жүзеге асырылды. Батыс Қазақстан облысында – 99,4%, Атырау облысында – 98,6%, Ақтөбе облысында – 98,5%, Қызылорда облысында – 98,1%, Маңғыстау облысында – 97,3%, Шымкент қаласында – 96,1%, Павлодар облысында – 96%, Нұр сұлтан қаласында-95,4%, Түркістан және Қостанай облыстарында – 95%, Жамбыл облысында – 94%, Алматы облысында – 92,2%, Ақмола облысында – 83,3%.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025