Президент • 02 Наурыз, 2020

Президент «Барыс» капитаны Даррен Дицқа алғыс айтты

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Барыс» клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтады. 

Президент «Барыс» капитаны Даррен Дицқа алғыс айтты

«Барыс» клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Әсіресе, матч барысында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаған команда капитаны Даррен Дицқа ерекше алғыс айтқым келеді. Жарайсың, Дәурен! Бұл жеңіс «Барыс» клубын жаңа жетістіктерге жетелесін», - деп жазады Мемлекет басшысы instagram парақшасында.

Еске салсақ, «Барыс» хоккей клубының капитаны Даррен Диц Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаға үн қосқан болатын.