Айта кету керек, өткен жылы АҚШ-пен ұзаққа созылып кеткен ядролық қарусыздандыру бойынша келіссөздер аясында Солтүстік Корея зымырандарды 13 рет сынақтан өткізген болатын. Өзінің жаңажылдық Жолдауында Пхеньян жақын арада «жаңа стратегиялық қарудың» пайда болатынын және «күтпеген әрекеттер» туралы ескерткен еді.
Сарапшылар «стратегиялық қару» суасты қайығынан жіберілетін құрлықаралық баллистикалық ракетаның немесе баллитискалық ракетаның жетілдірілген түрі болуы мүмкін деген пікірде.