Аймақтар • 02 Наурыз, 2020

Шымкентте сала мамандары тұрғындарға тегін кеңес беруде

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халыққа білікті тегін заң көмегін көрсету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Шымкентте ай сайын  «Маманнан кеңес» акциясы ұйымдастырылуда.  

Шымкентте сала мамандары тұрғындарға тегін кеңес беруде

Іс-шараның бастамашысы болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті кезекті акцияны Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында өткізді. 

Маңызды шарада белгілі адвокаттар мен прокуратура, әділет, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік кірістер, полиция, денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй, жастар, кәсіпкерлер және тағы басқа да салалардағы мамандар 100-ден астам тұрғындарға кеңес берді. 

Акцияға келушілерді көбіне тұрғын үй, әлеуметтік көмек алу, құқық қорғау қызметтері, білім беру, денсаулық сақтау және тағы басқа да сұрақтар қызықтырды. 

Сонымен қатар шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға немесе кеңес алуға болатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 1424 call-орталығытуралы жадынамалар таратылды.

Айта кетейік, азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен «Еріктілер жылы» аясында «Adal kómek» жобасы іске қосылып, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ғимаратында (Қазыбек би көшесі,3) әр аптаның сенбі күндері сағат 11.00-13.00 аралығында «Ашық есік күні» өткізілуде.

 

Шымкент