«SCAT» әуекомпаниясының Вице-президенті Владимир Сытник пен бірқатар қазақстандық туроператорлардың қатысуымен өткен кездесу барысында туризм саласындағы, оның ішінде чартер рейсін ашу және туристік компаниялар мен екі елдің тиісті құрылымдары арасындағы байланысты дамыту арқылы екіжақты қатынастарды нығайту перспективалары талқыланды.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар өзара туристік ағымын арттыруға және екі елдің мәдени байланыстарын дамытуға бағытталған әрекеттерді өзара үйлестіруге ниет білдірді.