Спорт • 02 Наурыз, 2020

Есту қабілеті нашар ақмолалық жеңіл атлет Қазақстан чемпионы атанды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есту қабілеті нашар ақмолалық жеңіл атлет Қазақстан чемпионы атанды. Жарыс жолына еліміздің әр өңірінен жиналған 100-ден астам спортшы қатысты. Бұл туралы Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Есту қабілеті нашар ақмолалық жеңіл атлет Қазақстан чемпионы атанды
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды қаласында есту қабілеті нашар спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Онда ақмолалық спортшылар 9 жүлдеге қол жеткізді. «Жерлестеріміздің арасында Валерий Терещенко бірінші орын иеленсе, Виктор Баранов, Елена Путинцева, Андрей Путинцев және 4х400 метр эстафетада сынға түскен Валерия Терещенко, Анатолий Леонов, Маруфа Шарафидинова, Виктор Баранов екінші келді.
 
Ал, Анатолий Леонов, Роза Ақшолақова және 4х200 метр (микс) жарыс жолына шыққан Дильназ Мәжитова, Роза Ақшолақова, Валерий Терещенко, Маруф Шарафидинов үшінші орыннан көрінді. Жарыс қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте Ақмола облысы 6 орын алды», - дейді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.