Қоғам • 03 Наурыз, 2020

«ҚазТрансОйл» – әлеуметтік серіктестік жүйесін дамытудың флагманы

261 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«ҚазТрансОйл» АҚ мен компания жұмыскерлері арасында Ұжымдық шартқа қол қойылды. 27 ақпанда «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов және ком­панияның барлық жұмыскерінің мүд­десін білдіретін 5 жергілікті кәсіподақ өкіл­дері алдағы үш жылға Ұжымдық шарт­қа қол қойды. Қол қою барысында қаты­сушылар Ұжымдық шарттың заңды маңызы мен құқықтық сипатын растады, оны қолданылу мерзімі ішінде орындауға міндеттенді.

«ҚазТрансОйл» – әлеуметтік серіктестік жүйесін дамытудың флагманы

«Ұжымдық шарт – бұл ком­панияның әлеуметтік сая­сатының негізі.   2016 жылғы жел­тоқсанда қол қойылған бұ­рын­ғы Ұжым­дық шарт өз қол­данысын аяқтады. Шарт­тың жаңа редакциясы ал­дыңғы жылмен салыстырғанда жаңар­тылды. Бұған компанияның өндірістік бөлімшелерінің еңбек ұжымдары берген ұсыныстары ықпал етті», деп атап өтті «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бас директоры Димаш Досанов.

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақ­станның 11 өңірінде жұмыс істейді. Компанияның жұмыс­кер­лері – жоғары бәсекелестік пози­цияларды қамтамасыз ететін не­гізгі стратегиялық капитал. Сон­­­дықтан еңбек жағдайларын, сый­ақы және ынталандыру жүйе­сін үнемі жетілдіру, сондай-ақ жұ­мыс­керлерді оқытуды дамыту және әлеуметтік қолдау деңгейін арттыру компанияның кадр саясатының негізгі басым­дықтары саналады.

Жаңа Ұжымдық шарттың негізгі айырмашылығы – ең­бекақы төлеудің жаңа жүйесі. Осы жүйе аясында 2020 жылғы
1 наурыздан бастап:

  • негізгі өндіріс жұмысшы­лары жа­лақысының өсуі;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ өнді­ріс­тік бөлім­шелері жұмыс­кер­лерінің еңбекақысында бар сәй­кессіздіктерді қысқарту;
  • жұмыс кәсіптерін негізгі өн­діріске, көлік саласына және қыз­мет көрсетуші ұжымға бөлу;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға ұқсас компанияның өндірістік ұжымы үшін бірыңғай сый­ақы жүйесін енгізу көзделеді.

Ұжымдық шарт «Қаз­ТрансОйл»­ АҚ жұмыскер­леріне Қазақ­стан Респуб­ли­ка­сының еңбек заң­на­масында белгі­лен­ген деңгейден тө­мен емес әлеу­меттік қорғау кепіл­дігін қамтамасыз етеді. Он­да мынадай негізгі әлеуметтік жеңіл­діктер қарастырылған:

  • ерікті медициналық сақтан­дыру туралы шарт жасасу арқы­лы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігі;
  • бала 1,5 жасқа толғанға дейін ба­ла күтімі бойынша де­малыс­тағы жұмыс­керлерге ай сайынғы жәрдемақы төлеу;
  • жас балалары бар әйелдерге жұ­мыс уақытының икемді кес­тесі;
  • 1,5 жастан 6 жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырауға ай сайынғы төлемдер;
  • демалыс кезінде балалардың лагерь­лердегі демалыс құнын бір ауысымда 30 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтеу;
  • компанияның ішкі құжат­тарында белгіленген тәртіппен тұр­ғын үй жалдау бойынша шығыс­тарды өтеу.

Аталған құжаттың қосымша жеңіл­діктері ретінде мектепке дейінгі және (немесе) мектеп жасындағы балалары бар көп балалы жұмыскерлерге (заңды өкілдердің біріне) 2 күнге қосымша ақылы еңбек демалысын беру болды. Сондай-ақ 10 жылдан астам үздіксіз жұмыс өтілі бар жұмыскерлер компания қаражаты есебінен санаториялық-профилактикалық емдеуден өтуге мүм­кіндігі бар.

Ұжымдық шартқа қол қою рәсімі аясында «ҚазТрансОйл» АҚ ұжымы «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлес­тігінің алғыс хатымен және «Әлеуметтік серіктестік үшін» арнайы сый­лығымен марапатталды.

Айта кетелік, «ҚазТрансОйл» АҚ – магистральды мұнай құ­быры бойынша Қазақстан Рес­пуб­ликасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың шақырымды құрайтын магистральды мұнай құбыр­­ларының әртараптандырылған желі­сіне ие. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өн­ді­рістік нысандары Шымкент қаласы мен Қа­рағанды, Павлодар, Түркістан, Сол­түстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.

«ҚазТрансОйл» АҚ және оның жұ­мыскерлері арасындағы әлеуметтік қорғау саласында алғашқы Ұжымдық шартқа 2016 жылғы желтоқсанда қолдану мерзімі 2017-2020 жылдарға дейін қол қойылды.

Ұжымдық шарт ком­па­ниядағы әлеу­меттік-еңбек қаты­нас­тарын реттейді және жұ­мыскерлерді әлеумет­тік қол­дау, әлеу­меттік әріп­тес­­тік шеңберінде мүд­делер­дің оңтайлы теңгерімін сақ­тау, «ҚазТрансОйл» АҚ қыз­ме­тінің тиім­ділігін артты­ру, компанияның өндіріс­тік-экономикалық қызме­ті­нің нәтижелері үшін жауапкер­ші­лікті күшейту мақса­тында қабыл­данды.