Қоғам • 03 Наурыз, 2020

Заңгер көп, күзетші жоқ

242 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Электронды еңбек бир­жасының мәліметтері бойынша, елімізде кү­зет­ші, қазандық операторы, патрульдеу инс­пек­торы, медбикелер мен тәрбиеші мамандары тапшы. Есесіне заң­гер, жалдамалы маман, экономист, малшы, қаржыгерлер екі қол­ға бір күрек таппай жүр.

Заңгер көп, күзетші жоқ

Дегенмен, Finprom.kz сай­тының мәліметіне сенсек, Қазақстанда жұмыссыздық азай­ған. Бір жыл ішінде жұ­мыс­сыздар саны 0,1 пайызға төмендесе, 2019 жылдың төр­тінші тоқсанында жұмыс­пен қамтылған халық саны 8,8 млн­ адамды құрап, бір жылда­ 0,7 пайызға артқан. Өткен жыл­­дың сәйкес кезеңінде көр­­­­сеткіш 8,7 млн адамды құ­­­рап, бұл жыл ішінде 2%-ға өсіпті.

Әсіресе, елордада жұ­мыс­пен қамтылған аза­мат­тардың саны артып отыр. Жыл­дық өсім 9,2%-ды құрап, 553,6 мың адамға дейін кө­бейген. Атырау облысында жұмыспен қамтылғандар саны 4,1%-ға, Алматыда 2,9%-ға өскен. Десек те жұ­мыс­пен қамтылғандардың басым бөлігі көтерме және бөлшек сауда секторында жұмыс істейді. Яғни 1,4 млн адам көлік жөндеп, нә­пақа табады. Сондай-ақ жетекші салалардың үштігіне ауыл, орман және балық шаруа­шылығы (1,2 млн адам немесе 13,4%) және білім беру (1,1 млн адам немесе 12,7%) салалары кіріп отыр. Жұмыспен қамтылған халықтың ең көп саны бойынша ТОП-5 саланы өнеркәсіп (1,1 млн адам) және құрылыс (642,2 мың адам) түйіндейді.

Сонымен бірге елдегі жұ­мыссыз халық саны 441,4 мың адамды құрап, 2018 жыл­дың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 0,1%-ға қыс­қарған (441,9 мың адам). Алайда елімізде жұмыс­сыздық деңгейінің мәні өз­геріссіз қалып отыр – 4,8%. Жұмыссыздардың ба­сым бөлігі әдеттегідей халық ты­ғыз қоныстанған өңірлерде байқалады. Мәселен, Алма­тыда (жылына 49,2 мың адам), сондай-ақ, Алматы облысында (48,2 мың адам) және Түркістан (42,1 мың адам) об­лысында алақанын ыс­қылап отыр­ғандар аз емес. Сол секілді Шығыс Қа­­зақ­стан мен Қарағанды об­лыстарын­да жұмыссыздар са­ны тиісінше 34,5 мың және 29,7 мың адамды құрады. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі Түркістан облысында, Алматы мен Шымкент қалаларында байқалып отыр – 5,1%.

Жұмыс демекші, алдағы онжылдықта әлемде технология саласындағы маман­дықтар үлкен сұранысқа ие болады дейді мамандар. Олар – биоинженер, биофармаколог, биоинформатика, ақылды қоршаған ортаны жобалаушы, робототехника маманы, ки­берқауіпсіздік бойынша маман, баламалы энергетика жөніндегі маман.

Рекрутинг порталының мәліметінше, қазірдің өзінде аталған салалардағы мамандар сұранысқа ие әрі олардың маңызы арта түсуде. Сондай-ақ нейропсихолог, бағдарлама жасаушы, дизайнер, 3D-баспа инженері, виртуалды әлемнің сәулетшілері мен дизайнерлерін де ерекше атап өткен абзал.

 

Соңғы жаңалықтар