Әлем • 03 Наурыз, 2020

Бразилияда кеме апатынан 18 адам қаза тапты

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилияның солтүстігіндегі Амапа штатында жолаушылар тасымалдайтын «Анна-Каролина III» кемесі аударылып,18 адам қаза болды. Бұл туралы globo.com хабарлады.

Бразилияда кеме апатынан 18 адам қаза тапты

Кеме апатынан 22 адам хабар-ошарсыз кетіп, 46 адам құтқарылды. Қазіргі уақытта жоғалған адамдарды құтқарушылар мен әскери қызметкерлер іздестіруде. Оқиға орнына әскери-теңіз тікұшақтары жіберілді. Бортта неше адамның болғаны әзірге белгісіз. Апатқа қатты жел себеп болуы мүмкін.