Қазақстан • 04 Наурыз, 2020

Мұхтар Тілеуберді Ян Цзечимен кездесті

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Орталық Азия елдеріне сапары аясында Қазақстанға келген Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, ҚКП Орталық комитетінің Сыртқы істер жөніндегі Комиссия кеңсесінің басшысы Ян Цзечимен кездесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Мұхтар Тілеуберді Ян Цзечимен кездесті

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды өзекті мәселелері, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ, тараптар коронавирус індетіне қарсы әрекет ету бойынша екі елдің өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырды.

 

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35