Қазақстан • 04 Наурыз, 2020

Сот Мұхтар Әблязовті 140 мың АҚШ долларын төлеуге міндеттеді

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нью-Йорк қаласының соты Мұхтар Әблязовке қарсы қосымша санкциялар салу туралы шешім қабылдады. Ол Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банкінің (Талапкерлер) адвокаттардың қызметіне кеткен шығындарына байланысты 140 115,60 АҚШ долларын төлеуге міндеттеді. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сот Мұхтар Әблязовті 140 мың АҚШ долларын төлеуге міндеттеді

2019 жылғы шілдеде сот талапкерлердің М. Әблязовке қатысты сот процесіне қатысудан және дәлелдемелерді ашудан бас тартқаны үшін қосымша санкция салу туралы өтінішін қанағаттандырды. Сондай-ақ сот алдағы алқа билердің қатысуымен өтетін қорытынды сот процесінде М. Әблязовке өзін ақтау үшін жаңа дәлелдемерді ұсынуға рұқсат бермеу туралы ұсынысын білдірді. Бұл санкция алқа билер сотына М. Әблязовпен оның кінәсін дәлелдейтін дәйектерді жасыру туралы нұсқаулық болып табылады.

Сот талапкерлердің осы процесте мүдделерді білдірумен байланысты шығындар сомасы бойынша дәлелдерін назарға алып, 2020 жылдың 7 ақпанында М. Әблязовтен 140 115,60 АҚШ долларын өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Сот шешіміне сәйкес М. Әблязов 140 115,60 АҚШ долларын 2020 жылдың 7 мамырына дейін төлеуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025